Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2018

Мұрат Майкеев. Отанға қызмет етуге арналған ғұмыр

1085 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

2018 жылғы 15 қыркүйекте Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, «Даңқ» орденінің иегері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да наградаларымен марапатталған генерал-лейтенант Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров 60 жасқа толар еді.

Мұрат Майкеев. Отанға қызмет етуге арналған ғұмыр

Өзінен кейін жарқын із қал­дырып, жылт ете өте шыққан метеор сияқты адамдар бар. Бүгін­де көрнекті әскери қолбасшы р­етінде Қарулы Күштердің қа­лып­тасуы мен дамуы­на сүбелі үлес қосқан, өз Отанының ұлы гене­рал Мәлік Мұхамеджанұлы Са­паров туралы айтқымыз келеді.

2018 жылғы 19 маусымда өз елінің шынайы патриоты, әскери қолбасшы және жай ғана жақсы адам, талантты генерал-лейтенант Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаровтың өмірден озғанына он бес жыл толды.

Өзінің қысқа қызмет атқару мерзімінде Мәлік Мұха­мед­жанұлы Сапаров взвод коман­дирінен бастап Қарулы Күштер Бас штабының бастығына дейінгі кәсіби жолдан өтті, өмірде ара­лас-құралас болған, бірге оқы­ған, қызмет атқарғандардың арасында ерекше қадірлі болды.

Мәлік Мұхамеджанұлы Са­паров 1958 жылы 15 қыр­күйек­те Алматы облысының Қызыл ту кентінде дүниеге келді. Мәлік Мұ­ха­меджанұлы жастайынан кәсіби әскери қызметші болғысы кел­ді. Шамасы ардагер­лердің қазақ­стандық батырлардың ерліктері туралы әңгімелері және Ұлы Отан соғысына қатысушы болып табылатын әкесінің беделі оның өмірлік таңдауына әсер етті. 1973 жылы Мәлік Мұха­мед­жанұлы Суворов әскери училищесіне оқуға түсті. Кейінірек ол өзінің өмірлік жолын дұрыс таңдағанына күмәні болмады.

1975 жылы Суворов әскери училищесін аяқтағаннан кейін Мәлік Сапаров Кеңес Одағының маршалы И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери коман­далық училищесіне оқуға түседі. Оқудың бірінші күні­нен бастап курсант Мәлік Сапа­ров борыш пен ар-намыс мәсе­ле­леріндегі адалдығының, қойылған мақсатқа жету­дегі табандылығының арқасында курстастарының және оқыту­шы­ларының құрметі мен сеніміне ие болды.

Училищедегі оқу кезеңінде курсант Сапаров тактика және же­дел өнер, әскери тарих, қару-жарақ пен әскери техника жөнінде көп кітап оқыды. Ол көр­некті әскери қайраткерлер мен қол­басшылардың баға жетпес әскери тәжірибесі мен әскери-теориялық жұмыстарын қызыға зерттеді. Сапаровтың болашақ офицер ретінде қалыптасу жолында оның тәлімгерлері мен офицерлер: взвод командирлері аға лейтенант Виктор Валентинович Козлов пен Сергей Аркадьевич Зудкин, рота командирі капитан Абай Бөлекбайұлы Тасболатов, батальон командирі полковник Юрий Иванович Лухнов үлкен рөл атқарды.

1979 жылы Алматы ЖЖКУ-ды табыс­ты аяқтап, лейтенант әс­кери шенін алғаннан кейін оны Забайкалье әскери округіне қыз­­мет атқаруға жібереді, ол онда взвод коман­дирінен бастап мотоат­қыштар полкі рота­сының ко­ман­диріне дейінгі лауазымдарда қызмет атқарады. Одан кейінгі жылдары Мәлік Сапаров мотоатқыштар ротасының ко­ман­дирі және мотоатқыштар батальоны штабының бастығы лауа­зым­­дарында Орталық әскер­­лер тобында қыз­мет атқа­ра­ды. Өзінің қызметтен тыс бар­лық бос уақытын оқуға арнайды, әске­ри ака­демия­ға түсуге дайындала оты­­рып, өзінің тео­рия­лық білім­дері мен прак­тика­лық тәжі­ри­бесін толықтырды.

1985 жылы Мәлік Мұхамед­жан­ұлы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академия­ның тыңдау­шы­­сы болады, оны аяқтаған­нан кейін 1988 жылы Орта Азия әскери округіне қызмет ат­қа­руға жіберіледі. 1992 жылы ма­­мыр­да Қазақстан Рес­пуб­ли­­ка­сы­ның Қарулы Күш­тері құ­ры­­луы­мен оның өмірбаяны­ның жаңа парақтары басталады. Ол мотоатқыштар полкі­нің ко­мандирі және Бас шта­бы­­­ның жедел басқармасы аға офи­­цері лауазымдарында қызмет атқарады. 1997 жылы Ресей Фе­де­ра­циясының Бас штабы Әскери академиясын үздік аяқ­та­ғаннан кейін ол Қазақ­стан Респуб­ликасы Қару­лы Күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бас­ты­ғы­ның орын­басары лауазымы­на таға­йын­далады. Ерекше сауат­ты­лығының, өзінің мықты жігерлі мінезінің арқасында ол Қазақстан Республикасының Қауіпсіз­дік Кеңесі Хатшылығына қызмет атқаруға жіберіледі. Мәлік Мұхамеджанұлы 1997 – 2000 жылдары қолбасшының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жалпы мақ­сат­тағы күштер штабының бас­тығы, одан кейін Бас штаб бас­тығы – Жалпы мақсаттағы күш­тер қолбасшысының бірін­ші орын­басары лауазымдарында қы­змет атқарды. 1999 жылғы жел­тоқсаннан бас­тап 2001 жыл­ғы қазан аралығында Қазақ­стан Республикасы Қару­лы Күш­тері Бас штабы басты­ғының бірінші орынбасары болды. 2001 жылғы қазан мен 2003 жылғы мамыр аралығында Мәлік Сапаров Қазақ­стан Республикасы Қару­лы Күштерінің Бас штабын бас­қарды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас шта­бын­да өзінің жоғары басшы­лық қызметі кезеңінде Мәлік Мұ­ха­меджанұлы әскерлер­ді бас­қару үшін автоматтанды­рылған жүйелер және телеком­муни­кациялық құралдар базасында әскерлерді жаңа технологиялармен жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен бірге генерал Мәлік Сапаров­  жігер­лі мінезімен танылды. Шешімді уақ­ты­лы қабылдай білді және оның орын­далуын қатаң талап етті. Мәлік Мұхамед­жанұлы мәсе­ленің мән-жайын лезде түсіне қоятын, талдап, дұрыс нұсқаулар беретін. Жұмыста бастама танытқанды бағалайтын және ұсыныс беру белсенділігін үнемі қолдайтын. Мәлік Мұха­мед­жанұлы көп уақытын Қару­лы Күштердегі қызметіне жұм­сап, істер­дің мән-жайын жете тү­сінуге әрекет жасай­тын. Көп­теген жағдайда қара­пайым, бі­рақ қатал және талап­шыл болды, бей­қамдықты, немқұ­рай­дыл­ық­ты және жауапсыздықты жек көретін.

Бас штабының бастығы ре­тін­де ол қор­ғаныс және қауіп­сіз­дік мәселелеріне қатысты заң­­дардың, жарлықтардың, қау­лы­­лардың, бұйрықтар мен дирек­ти­валар­дың жобаларын әзір­леуге жеке өзі белсенді қатысатын.

Әскери әдептілік және бағы­ныс­ты­лар туралы қам­қор­лық, сонымен қатар талап­шыл­дық пен табандылық, ал кейде ымырасыздық – Мәлік Мұха­мед­жанұлына тән қасиеттер. Қарулы Күштердің Бас штаб бастығының орынбасары ретінде оның қатысуымен батыста және оңтүстікте бөлімдер құрылды.

Бағыныстылармен үнемі сыпайы сөй­лесетін, ал бағыныстылар оның алдында «тік» тұруға талпынды. Ол – мықты ұйым­дастырушы және талантты тұлға.

Генерал Сапаров өзінің бел­сенді қыз­метінде қазақстан­дық армияны дамыту жөнінде ең күрделі жоспарларды іске асыра алды. Генералдың талмас еңбекшілдігі, ерік-жігері, мол харизмасы және айрықша түйсігі мемлекеттің әскери құрамын дамыту болашағын нақты белгіледі.

Ол Қазақстан Республикасы­ның егемен­дігі және ұлттық қауіпсіздігін қамтама­сыз ету бірінші басымдық болып табылатынын үнемі айтатын. Армияны жаңғырту­мен қатар генерал Сапаров әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу қажеттігін ұмытқан жоқ. Ол өзінің жеке үлгісімен офицерлер мен сарбаздарға армияның, жалпы, еліміздің болашағына үміт пен сенім­ді ұялата отырып, әскерлердің патриоттық рухын көтерді.

Мәлік Сапаровтың бүкіл өмірі Қару­лы Күштердегі адал күн­­­де­лікті қызметке арнал­ған. Оның басшылығымен Қарулы Күш­тердің жедел және стратегиялық дайын­дығы бойынша оқу-жаттығудың жаңа іс-шаралары ұйымдастырылды.

Генерал Мәлік Сапаровпен қызмет ат­қарғандар оны кәсіби­лігі, принциптігі, адалдығы, адам­дарға көңіл қойып, мұқият қара­ғаны үшін қатты сыйлады.

Мәлік Сапаровтың басты ерек­ше қа­сиеттері – ол адамдарды жақсы көрді және адамдар оған қызықты болды.

Бүгінде біз Қарулы Күштер­дің қалыптасу мен даму игі ісіне табанды еңбек еткен жарқын тұлғаны еске алып отырмыз. Гене­рал-лейтенант Мәлік Мұха­меджанұлы Сапаров талантты әскери бастық және ғажап адам, оның өмірі біз үшін Отанға қызмет ету­дің және әскери борыш пен кәсіби­лікті үйлестірудің үлгісі болып табылады, туған-туыстары, жа­қын­дары мен достары үшін адал­дықтың, сенімділік пен игі­ліктің шыңы, ашық және кең пейілді адам болып қала береді.

Мұрат МАЙКЕЕВ,

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер

Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант