27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1349

231 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2011 жылғы 17 қараша,   Астана, Үкімет Үйі «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта: 19-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) объектіні ________________________________________________________ (салуды, салуды және пайдалануды – керегі көрсетілсін) жүзеге асырған кезде басым тәртіппен Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтар мен материалдарды кемінде % көлемінде пайдалануға;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) объектіні _______________________________________________________ (салу, салу және пайдалану – керегі көрсетілсін) жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге. Бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстардағы персоналды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша _____%, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша _____%, білікті жұмысшылар бойынша _____% құрауы тиіс;»; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, тауар­ларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын жә­не индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты ұсынуға;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартта: 16-тармақ: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) объекті қызметін жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту бойынша талаптарды көздеуге, оның ішінде қазақстандық қамту мөлшерімен кемінде тауарларға қатысты ______%, жұмыстарға қатысты ________%, көрсетілетін қызметтерге қатысты    %;»; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, тауар­ларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын жә­не индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген ны­сан бойынша және мерзімде сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты ұсынуға;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.