27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1352

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 17 қараша,    Астана, Үкімет Үйі «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі №607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақта: 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген телевизиялық (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары». 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45