Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2018

Қырымбек Көшербаев отбасылық байқауда жеңіске жеткен Ишанқұлов отбасына машина сыйлады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Мерейлі отбасы - 2018» республикалық байқауында жеңіске жеткен Ишанқұлов отбасымен кездесіп, Мемлекет Басшысы атынан «Нива-Шевроле» машинасын сыйлады деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Қырымбек Көшербаев отбасылық байқауда жеңіске жеткен Ишанқұлов отбасына машина сыйлады

2013 жылы Елбасы отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауын ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын.

- Қазақ халқы қашанда отбасын қасиетті шаңырақ ретінде бағалап, зор маңыз беріп, көзінің қарашығындай қорғаған. Отбасының ар-намысын сақтауға, ұрпақ өсіріп тәрбиелеуге, өз ұрпағының елге адал қызмет етуіне аса мән берген. Осындай дәстүрлі құндылықтар қазақтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде ерекше сақталуы заңдылық деп ойлаймыз. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Балаларының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеп отырған Сыр елінің Сіздер сияқты өнегелі отбасыларына айтар алғысымыз шексіз,-деді облыс әкімі.

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны Ерғали Ишанқұлов жары, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері Бахира апамен 62 жыл бір шаңырақта өмір сүріп, 14 ұл-қызды дүниеге әкелген. Бүгінгі таңда 61 немере, 46 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отырған бұл әулеттің өнегелі өмірі - елге үлгі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы