Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2018

«Астана жастары» КММ-де жаңа басшы тағайындалды

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы «Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ басшысының бұйрығымен Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің басшысы болып Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы тағайындалды.

«Астана жастары» КММ-де жаңа басшы тағайындалды

Бұған дейін Нұрпейісов Ү.А. осы мекемеде басшының орынбасары қызметін атқарған. Үкібай Абдуманапұлы 1991 жылы 5 қаңтарда Түркістан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «жер қатынастары» мамандығы бойынша және Т. Рысқұлов атындағы Халықаралық Қазақ Экономикалық Университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының магистрі.

Әр жылдарда Алматы қаласы «Нұр Отан» ХДП жанындағы Алмалы ауданы «Жас Отан» ЖҚ бөлімінде атқарушы хатшы; Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер универстиетінің (ҚазХҚжӘТУ) Жастар ісі Комитетінің төрағасы; Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің  энтомәдени бірлестік бөлімінің  басшысы; Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.