Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2018

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төмендетілді

87 реткөрсетілді

Ақтөбе облысында азаматтардың белгілі бір санаты үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна екі есе төмендетілді. Тиісті меморандумға бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков қол қойды.

 - Қаржылай жүктеменің төмендеуі көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға және тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне жататан басқа да азаматтарға, сонымен қатар, бюджетттік сала қызметкерлеріне қатысты, - деп нақтылады Бердібек Сапарбаев.

Қайрат Алтынбеков Ақтөбе облысында бастапқы жарнаны 20-дан 10 пайызға төмендету облыс әкімдігі 2 млрд теңге бөлгеннің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

- Жергілікті билікке қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз, - деді «Баспана» ИҰ басқарма төрағасы.

Бүгінге дейін 7-20-25 бағдарламасымен үй алуға Ақтөбе облысының тұрғындарынан 1 165 млн теңге сомасына тұрғындардан 137 өтініш түсті, оның 758 млн теңгеге 88-і мақұлданды.

Меморандумға Ақтөбеде партия хатшысы Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының бірінші өңірлік форумы барысында қол қойылды. Оған Астанадан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан келген делегаттар қатысты. Барлығы 200-ден аса адам.

Қатысушылармен амандасқан Бердібек Сапарбаев бастауыш партиялық ұйымдар – бұл партияның барлық шешімдерін іс жүзінде жүзеге асыратын негізгі құрал екенін атап өтті.

- Партияның жетістіктері мен табыстары бастауыш партиялық ұйымдардың тиімді іс-әрекетіне тікелей байланысты. Бүгінде Ақтөбе облысындағы партияның бөлімшелері 457 бастауыш партиялық ұйымдарда тіркелген 44 мыңнан аса адамның басын біріктіріп отыр. Соған қарамастан, біз еңбек ұжымдарында жаңа «бастауыш» ұйымдарды құру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Жалпы, партия жобаларының, оның төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларының орындалуы үнемі бақылауда.  Біз олардың уақытында әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеміз, - деді «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ол өзінің баяндамасында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға баса назар аударды.

- Президент бастамасы ақтөбеліктер тарапынан кең қолдау тапты. «7-20-25» бағдарламасы облыстың 24 мың тұрғынына бұрын-соңды болмаған тиімді шарттармен баспаналы болуға мүмкіндік береді. Салық жүктемесінің төмендеуімен 68 мың ақтөбеліктің еңбекақысы 9 пайызға өсті. Студенттерге сегіз жатақхана салынатын болады. ШОБ-ті шағын несиелеуге қосымша 2 млрд теңге аударылды, яғни мыңдаған ақтөбелік өз ісін аша алады, - деп хабарлады облыс әкімі форум қонақтарына.

Өз кезегінде, партия хатшысы Тамара Дүйсенова партия жобалары мен мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылуына жоғары баға берді.

- Бұдан бұрын Саяси кеңес отырысында таныстырылған партияның барлық 24 жобасы Ақтөбе облысында жақсы өтуде, сіздің барлық ұйымдарыңыз жақсы жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы «Баспана» ипотекалық ұйымының жобаларын жүзеге асыруда да республика бойынша көш басындағылардың бестігінде. Бүгін ипотекалық несиелеуге қол жеткізуді кеңейту туралы меморандумға қол қойылды. Осы идеяны қолдағандарыңыз үшін рахмет, - деді Т.Дүйсенова.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар