27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1385

163 рет көрсетілді
2011 жылғы 29 қараша,  Астана, Үкімет Үйі «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулы­сына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 221-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар

Сөз сойыл

Қоғам • Бүгін, 09:12

Жас қобызшылар бақ сынады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

JaiyqFilmFest фестивалі өтуде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

Ардагерлер аруағына құрмет

Аймақтар • Бүгін, 09:03

whatsapp-тағы бассыздық

Аймақтар • Бүгін, 08:54

ІТ лицей-интернаты ашылды

Президент • Бүгін, 08:32

Халыққа арналған басымдықтар көп

Президент • Бүгін, 08:30

Құрылыс нарығындағы ахуал қандай?

Экономика • Бүгін, 00:35

Жалғыздық бояуы

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар