Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстанда бидай өнімділігінің жаңа рекорды тіркелді

241 реткөрсетілді

«Бабық-бұрлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бидай өнімділігінің рекордын жаңартты.

Айыртау ауданына барған жұмыс сапарында облыс әкімі Құмар Ақсақалов бидай танаптарының әр гектарынана 62,5 центнер өнім жиналып жатқан алқаптарды аралап, күзгі орақтың барысымен танысты. Бұрынғы рекорд 55 центнер болса, биыл бұл көрсеткіш 7,5 центерге асып түскен.

Осындай мол өнімге қалай қол жеткіздіңіздер деген сауалға «Бабық-бұрлық» серіктестігінің басшысы Сейілбек Махметов жер-ананы мәпелеп күте білсе, жомарттығында шек жоқ, деп қысқаша жауап берді. Аймақ басшысы Қызылжар, Есіл және Айыртау аудандарының егіс танаптарын аралау кезінде бабықбұрлықтардың тәжірибесін үлгі етті.

«Мемлекет аграрлық салаға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Еңбекақының өсуі, басқа әлеуметтік салалардың жақсаруы астық өндірісінің рентабельді табысымен өлшенеді. Жердің берекесін қашырған шаруашылық жетекшілеріне бұдан былай қатаң талап қойылатын болады», Қ. Ақсақалов.

Бүгінде Төменгі Бұрлық ауылы тұрғындарына барлық жағдай жасалған. Орташа еңбекақы 141 мың теңгені құрайды. Биыл әр үйге орталықтандырылған жылыту жүйесі тартылып, жұмысшыларға арнап тұрғын үйлер салынады.

«Өнім , нәтиже төмен болса, шаруашылықтар жалақыны қалай көтереді? Бұл орайда жергілікті билік өз жұмыстарын ширатулары тиіс», деп атап көрсетті облыс әкімі.

Өңір бойынша барлық дәнді дақылдардың үштен біріне жуығы бастырылып, орташа өнімділік 14,9 центнерден айналуда.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар