27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1400

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 30 қараша ,   Астана, Үкімет Үйі Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылардағы өрт сөндіру құралдарының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 38-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылардағы өрт сөндіру құралдарының нормалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1400 қаулысымен бекітілген Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылардағы өрт сөндіру құралдарының нормалары Р/с № Өрт сөндіру құралдары Құрал-сайман саны Келетін адам саны    Турбазаларда (демалушы 100 адамға шаққанда) 6-10 адам    10-30 адам    30 адамнан көп 1    Өнімділігі минутына 600-800 литр өрт сөндіру мотопомпалары, дана    -    -    -    1 2    Күректер, дана    1    3    5    30 3    Балталар, дана    1    2    3    10 4    Сабалағыштар, дана    4    8    10    20 5    Қоларалар немесе бензин аралары, дана    -    1    1    10 6    Арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер, дана    1    3    5    8 7    12 литр су сиятын шелектер немесе резеңке ыдыстар, дана    1    3    5    30