Бағдарламалар • 15 Қыркүйек, 2018

Астанада «Digital Arena»-2 форумы өтіп жатыр

444 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Атамекен» ҚР ҰКП ІТ-Кеңесі және «Ұлттық Ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп Astana Hub алаңында цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Arena»-2 атты форумы өтіп жатыр.

Астанада «Digital Arena»-2 форумы өтіп жатыр

Цифровизация бойынша жауапты (CDO) төрт вице-министр – Динара Щеглова (ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі), Арыстан Қабикенов (ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі), Арман Евниев (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі), Марат Нұрғожин (Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі) IT-нарық өкілдерімен ашық диалог жүргізіп, бизнес қауымдастығымен нәтижелі байланыс ортануға дайын екендерін білдіруде.

Іс-шараға шақырылған арнайы қонақ ретінде шақырылған, мемлекеттік салада бірнеше IT-жобаны – жобаны іске асырған Be In Tech компаниясының басшысы Бағдат Мусин қатысушылармен корпоративті сектордағы цифрлық шешімдермен бөлісті.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, «Келіссөздер жүргізудегі ашықтық және қолжетімділік трендке айналды, мұнымен біз тек мақтана аламыз. Өйткені халықты тыңдай отырып, жетістіктерге қол жеткізе аламыз. Бүгінгі шара IT-нарық өкілдері мен министрліктерде цифровизация бойынша жауапты жетекшілердің IT-жобаларына жаңа тыныс беріп, бизнес пен мемлекеттік сектордың ара-қатынасын нығайтады деп ойлаймын».

Бүгінгі форум екі панельдік сессиядан тұрады, бірінші бөлім министрліктерді цифрландырудың ағымдағы міндеттері туралы және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алдағы жобалар туралы еркін «storytelling»-ке арналады. Сонымен қатар, «Ашық микрофон» атты интерактивті сессия жоспарланып отыр, оның барысында ІТ-нарыққа қатысушылар мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақтар қоя алады.

Айта кетелік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрлері қатысуымен 11 тамызда өткен «Digital Arena» бірінші форумынан кейін аталған министрліктерге 30-дан астам ІТ-компания мәселелерін шешіп беру бойынша өтінім жасаған, әрі үштен бір бөлігі пилоттық жобаларды жүзеге асырмақ.

Соңғы жаңалықтар