27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1426

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 1 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талап­тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулы­сына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 2) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: 1, 5 және 13-тармақтар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18