27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1456

218 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 5 желтоқсан,    Астана, Үкімет Үйі «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы  № 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 316-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 жылға азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға қаражатты бөлуде: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зиян шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету» деген 5.1.5-мақсатта: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1    Техникалық пайдалану үшін тікұшақтар мен жабдықтар сатып алу    ТЖМ    13 701 118 »; «Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету» деген 5.1.6-мақсатта: реттік нөмірі 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 3    АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту    ДСМ    4711 4 Бас бостандығынан айыру орындарында жүрген және одан босатылған адамдар арасында АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі әлеуметтік жобаларды іске асыру, соның ішінде облыстардың және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша ДСМ    36 821 Ақмола облысы    4 086 Ақтөбе облысы    1250 Алматы облысы    2 481 Атырау облысы    1400 Шығыс Қазақстан облысы    3 926 Жамбыл облысы    1478 Батыс Қазақстан облысы    940 Қарағанды облысы    6 789 Қызылорда облысы    821 Қостанай облысы    2946 Маңғыстау облысы    1561 Павлодар облысы    3 643 Солтүстік Қазақстан облысы    1823 Оңтүстік Қазақстан облысы    2 209 Алматы қаласы    755 Астана қаласы    713 »; «Барлығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Барлығы    15 854 413 ». 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар