2011 жылғы 5 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 316-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 жылға азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға қаражатты бөлуде:
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зиян шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету» деген 5.1.5-мақсатта:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 Техникалық пайдалану үшін тікұшақтар мен жабдықтар сатып алу ТЖМ 13 701 118
»;
«Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету» деген 5.1.6-мақсатта: реттік нөмірі 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3 АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту ДСМ 4711
4
Бас бостандығынан айыру орындарында жүрген және одан босатылған адамдар арасында АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі әлеуметтік жобаларды іске асыру, соның ішінде облыстардың және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша
ДСМ 36 821
Ақмола облысы 4 086
Ақтөбе облысы 1250
Алматы облысы 2 481
Атырау облысы 1400
Шығыс Қазақстан облысы 3 926
Жамбыл облысы 1478
Батыс Қазақстан облысы 940
Қарағанды облысы 6 789
Қызылорда облысы 821
Қостанай облысы 2946
Маңғыстау облысы 1561
Павлодар облысы 3 643
Солтүстік Қазақстан облысы 1823
Оңтүстік Қазақстан облысы 2 209
Алматы қаласы 755
Астана қаласы 713
»;
«Барлығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Барлығы 15 854 413
».
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.