Бизнес • 17 Қыркүйек, 2018

Экономика институтында ғалымдар кітаптарының таныстырылымы өтті

178 реткөрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыда Экономика институтында Серғалы Толыбековтың «Кочевое общество казахов в XV – начале XX века (политико-экономическое исследование)» және Ғабдолла Шолановтың «Экономика Казахстана в годы социалистического строительства: исходный уровень и этапы преобразований» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Бірегей шығармашылық мұра болып табылатын осы іргелі еңбектерде алғаш рет XV ғ. мен XX  ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымының түбегейлі жаңа тұжырымдамасы ұсынылып, негізделген. Қазақстан экономикасының революция алдындағы кезеңдерден өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі қалыптасуы мен даму ерекшеліктерімен қатар  ауыр және жеңіл өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы салаларының пайда болуы мен қалыптасуы, алғашқы бесжылдық кезеңіндегі, сондай-ақ соғыс және  соғыстан кейінгі жылдардағы республикадағы өнеркәсіп кәсіпорындарын құрудың кезеңдері қарастырылған.

Қос ғалымның ғылыми еңбектері отандық экономика ілімі мен қазіргі егемен Қазақстанның тарихы мәселелеріне қызығушылық танытатын ортаға аса маңызды басылым болып табылады.

Осы мазмұндағы пікірлерімен бөліскен Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов, академиктер Хангелді Әбжанов, Оразалы Сәбден, Аманжол Қошанов және де Болат Жұмағұлов, Талас Омарбеков, т.б. ғалымдар экономика, тарих саласындағы ғылыми зерттеулердің қайнарында тұрған ғалымдардың еңбектерінің еліміз ғылымының дамуындағы зерделі басылым екендігіне тоқталды.

Аталған іс-шараға белгілі ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, сарапшылар қатысты.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұстаз һәм өскелең ұрпақ

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар