Бизнес • 17 Қыркүйек, 2018

Астанада 470 тонна ауыл шаруашылығы өнімі саудаланды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында өткен Алматы облысының күндері аясында жетісу аграрлары жалпы құны 270 млн теңге болатын 470 тонна ауыл шаруашылығы өнімін саудаға шығарды.

Астанада 470 тонна ауыл шаруашылығы өнімі саудаланды

Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінің жанында өткен жәрмеңкеге жұрт көп жиналды. Астаналықтарға ұсынылған азық-түлік, көкөніс өнімдерінің бағасы арзан, сапасы жоғары болғандықтан сауда қызып берді. Бұл жолы Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласының шаруалары 17,0 тонна ет өнімдерні, 21,9 тонна сүт өнімдерін, 12,4 тонна балық пен 106,1 тонна көкөніс, 43,4 тонна жеміс-жидек және 43,3 тонна картоп өнімдерін базарлады.

Жалпы, жетісулық шаруалар екі күн бойы өткен жәрмеңкеде 48 түрлі өнім саудалап, елорда тұрғындарының сұраныс қанағаттандырған.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы