Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2018

Атырауда жалпықалалық сенбілікке 7 мыңға жуық  адам қатысты

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда екі айлық санитарлық тазалық науқаны басталды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда жалпықалалық сенбілікке 7 мыңға жуық  адам қатысты

15 қыркүйекте Атырау қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті. Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметтері бойынша,қаладағы санитарлық тазалыққа 7 мыңға жуық қала және қала маңындағы ауылдық округтер тұрғындары, соның ішінде 1125 мемлекеттік ұйымдар мен жеке мекемелер, университеттер мен колледждердің студенттері қатысты.

Сенбілік қорытындысы бойынша қалалық полигонға 730 текше метр қоқыс тасталды.

- Атырау қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында екі айлық санитарлық тазалық жарияланды. Осыған байланысты біз барлық қала тұрғындарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдардың басшыларын  апта сайынғы екі айлық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз,- дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.