Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

Елді дамытудың 2030  жылға дейінгі болжамды схемасы жобасын әзірлеу мәселелері семинар-кеңес өтті

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика вице-министрі А. Жұмағұловтың басшылығымен Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030  жылға дейінгі болжамды схемасы жобасын әзірлеу мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, холдингтердің және басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ және «Ракурс Консалтинг Групп» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Елді дамытудың 2030  жылға дейінгі болжамды схемасы жобасын әзірлеу мәселелері семинар-кеңес өтті

Болжамды схема елді дамытудың маңызды құралы болып табылады, өңірлерді дамытудың кілтті бағыттары бойынша мемлекеттік тәсілдерді анықтайды, дамытудың қолданыстағы және ұзақмерзімді, макроэкономикалық, салалық және өңірлік аспектілерінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді, салалық және аумақтық мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың бизнес іс-әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді.  

Екі күндік семинар-кеңес шеңберінде елді аумақтық-кеңістікте ұйымдастырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы мәселелер түсіндіріліп, аумақтық-кеңістікте жоспарлау бойынша дамыған мемлекеттердің халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ осы мәселе бойынша мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, холдингтердің және басқа да ұйымдардың міндеттері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі аталған мақсаттарда Жұмыс тобын құрып, тиісті зерттеулерді жүргізу бойынша сарапшыларды тарттырды.

Ағымдағы жылы негізгі жұмыс қажетті сапалы ақпаратты талдап, жинақтауға, елдің әрбір өңірінде жұмыс кездесулері мен көшпелі кеңестерді ұйымдастыруға және дамыту сценарилерін әзірлеу  өткізуді көздейді. Жүргізілген жұмыс негізінде 2019 жылы елді 2030 жылға дейін аумақтық-кеңістікте дамыту бойынша жаңа құжатты әзірлеу жоспарланып отыр.    

Сондай-ақ стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары Б. Тұрлыбеков жергілікті атқарушы органдарға елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары индикаторларының төмендегі  Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына декомпозициясы бар  бекіту  кілтті ұлттық индикаторлардың жаңа стратегиялық картасы туралы баяндап берді.

Бұдан басқа, өңірлерді талдау және бағалау департаментінің директоры А. Байтөкенова өңірлердің өкілдерімен Аумақтарды дамыту бағдарламасын жетілдірудің тәсілдерін таныстырып, талқылады.