27 Желтоқсан, 2011

Күршімдегі қуаныш

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Шығыс Қазақстан об­лысының әкімі Б.Сапарбаев Күршім ауданында іссапармен болып, бір­қатар мәдени ғимараттардың ашы­луына қатысты. Күршімдегі 600 орындық мектеп-гимназия құрылы­сы бас-аяғы бір жылда пайдалануға берілді. Оның құрылысын салған тәжірибелі шебер Ержан Сқақов. Барлық оқу кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған, іші әсем мектептің ашылуында өңір басшысы, ауыл тұрғындары ақжарма тілектерін айтты. Сол күні әкім Қаратоғай ауылындағы мектептің «Балдырған» шағын орталығын, аудан орталығындағы Бәйтеректің және №1 дәрігерлік бірлестіктің жылу жүйесінің ашылуына қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Самар ауылындағы мұз айдыны, күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің ашылуы да ел есінде қаларлықтай әсерлі өтті. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.