27 Желтоқсан, 2011

«Руханияттағы» жанжал

285 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жазушы-драматург, «Руханият» партиясының негізін қалаушы Ал­тын­шаш Жағанова «Руханият­тың» пар­тиялық тізімін тіркеуден алып тастауды және саяси бірлестік жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жіберген бұрмалаушылықтары үшін жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Осындай мәлім­де­мемен ол қа­зірдің өзінде рес­публиканың Бас про­курату­ра­сы­на қайырылып үл­герді. – 1995 жылы біздің ұйы­мы­мыз Қазақстанның «Дәуірлеу» партиясы атауымен тіркелгені белгілі. 2003 жылы біз қайта тіркелуден өтіп, «Руханият» деп аталдық. Партия­ның басым­дық­тары ретінде ха­лық­тың рухани жаңғыруы, ұлтаралық келісімді ілгерілету, яғни бәріміздің ал­ды­мызға Мемлекет басшысы қой­ған міндеттерге басымдық беру мәлімделді, – дейді А.Жағанова. Серікжан Мәмбеталин партия жетекшілігін былтырдан бастап қолға алды. Басшылықты жас буын өкіліне беру шешімі «Руханияттың» жастар қанатын дамыту мүддесі тұрғысынан қа­был­данды. Алайда, А.Жаға­нова­ның сөзіне қарағанда, жаңа төр­ағаның жұмыс стилі пар­тия­ның басшылық органдарын көз­ге ілмей, барлық мәселелер бойын­ша шешімді жеке-дара қабылдап, жарғылық талаптарға жүрдім-бар­дым қарауы партияның негізін қа­лау­шы мен оның серіктерін қа­нағаттандырмаған. Белгілі жазушы-драматургтің атап көрсеткеніндей, қызметіне кірісісімен С.Мәмбеталин пар­тиялас­тары­ның, әсіресе, өңірлер өкілдерінің пікірлерімен санаспай, өзінің жеке басын насихаттаумен айналысқан. Әсіресе, руха­ният­тықтарды партия­ның Парламент Мәжілісінің депутат­тығына кандидаттар ұсыну үшін өткі­зіл­ген съезі ашындырды. – Съезд мүлдем заңсыз өт­кізілді. Республикалық комитет, пленум, пар­тия­ның саяси атқару комитеті бізде бар-жоғы 7 адам­ды құрайды. Мәсе­лен, солардың 5-і форум жұмысына қатысқан жоқ. Оның үстіне, жарғы бой­ын­ша партияның кезектен тыс съе­зін өткізу туралы шешім міндетті түрде пленумда қабылданып, облыс­тық конференциялар өткі­зі­луі тиіс болса, олардың ешқай­сы­сы мүлдем ұйымдастырылмаған. Партия фору­мын­да бірқатар өңірлерден делегаттар да өкілдік етпеген. Съезге біздің пар­тия­мыз­ға ешқандай қатысы жоқ адам­дар қатысып отырған. Мен съезді заңсыз, ал Мәмбеталиннің іс-әрекетін мүлдем таза емес деп есептеймін. Ол жағдайды білмейтін кандидаттарды адасушы­лыққа ұрын­дырса, бұл оған бедел әпермейді, – деп мәлімдейді А.Жағанова. «Руханияттың» негізін қалау­шы­ның сөзіне қарағанда, партия съез­дері жар­ғылық ережесіз өт­кі­зілмейді. Жар­ғыны С.Мәмбеталин білмейді, өйт­кені, жарғы, құ­рыл­тай құжат­та­ры, мөр – барлығы А.Жағановада сақтаулы. – Ол мұны жақсы біледі, дегенмен, мен қазір таңғалып отыр­мын, ол жарғыны көшкен кезде жоғалтып ал­дым деп мәлімдеуде. Мұндай өтірік­тің қажеті қанша? Сондықтан мен жал­ған құжат жасаушы адаммен бет­пе-бет келіп отырмыз ғой деп есептеймін, – деп мәлімдейді А.Жағанова. –  Мен ОСК-ге партияны тіркеуге ұсынылған құжаттарды мұқият тексеру керектігін ескерткен бола­тынмын. ОСК та­ра­пынан ешқандай әрекет байқал­ма­ғандықтан, мен прокура­ту­ра­ға қайырылуға мәжбүр болдым, – дейді жазушы-драматург. А.Жағанова Бас проку­ра­ту­раға «Руханият» төрағасының іс-әрекеті­не құқықтық баға беріп, тиісті шара қабылдау үшін қайырылған. Сон­дай-ақ ол партияны сайлауалды до­да­сынан алып тастауды талап етіп отыр.