Ішкі істер басқармасы құрылған күннен бастап құқық қорғау саласының жұмысында бірізділікті, тәртіпті, жүйелілікті қалыптастыратын ақпараттық қызметті қажетсінді. Бір ғасыр бойы құқық қорғау органдарының барлық бөлімдерінде ақпараттық-сараптау ісі қалыптасты, қазір олар ақпараттық-сараптау орталықтарына айналған. Әдетте, полицияның негізгі салмағын ерлер атқаратыны белгілі. Сонымен қатар, полицияның көптеген жұмыстары погон таққан әйелдер қолында.
«Мен он жылдан бері Қостанай қалалық ішкі істер басармасының Ақпараттық-сараптау орталығын басқарып келемін. Бұл бөлімдегі тәжірибе қызметкерден қызметкерге беріліп отырады. Есеп, нақты ақпараттарды жүйелеп отыру жалпы полиция жұмысының жақсаруына ықпал етеді», – дейді Алтынай Есмағамбетова.
Қызметтің 100 жылдығына орай облыста ақпараттық-сараптау орталықтары қызметкерлері арасында «Мамандығының үздігі» атты байқау өтті. Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы орталығының қызметкерлері облыстық байқауда үшінші орынды жеңіп алды.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай