20 Қыркүйек, 2018

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу жұмыстары жүзе­ге асырылады. 

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

Бұл жол картасының негізгі міндеті – халықтың мемлекет­тік деректер базасындағы мәрте­бе­сін сәйкестендіру. «Осы бағыт­та Атырау облысында өткен жылы өңірлік штаб құрылды. Мем­лекеттік органдардың ақпа­рат­тық жүйелерінде азаматтар мәртебесін өзектендіру және оны рәсімдеу бойынша көп­­теген жұмыс атқарылды», дей­ді облыстық жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­лама­лар­ басқармасы бас­шысының орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Басқарма өкілінің айтуынша, жыл басында 54 668 адам­ның мәртебесі болмаған, 12 қыр­кү­йектегі мәлімет бойынша 22 922 адамның мәртебесі сәй­кес­тендірілді. Мамандар арнайы тізіммен үйлерді аралап, «міндетті жарналарын төле­мей жұмыс істейтін жұмысшы­лар» және «өзін-өзі жұмыспен қам­ты­ған­дар» ретінде белгілі бол­ған адамдарға мәртебесін анықтау және түсініктеме алу үшін жұмыспен қамту орта­лық­тарына, мемлекеттік еңбек инс­пекциясына, ауыл әкімдеріне жүгіну қажеттілігі тура­лы хабарлама берді. Енді «сту­денттер», «шығып кеткендер» және «қай­тыс болғандар», «тіркел­меген жұ­мыссыздар мен өзін-өзі қам­титын­дар» санаттары бойынша мәртебесі өзек­тен­діріл­меген 31 746 адам қалып отыр.

«Алдағы уақытта формальды емес жұмыспен қамтылған адамдарды рәсімдеу мақсатында «Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу» заң жобасы қолданысқа енеді. Бұл заң жобасы адамдарды медициналық және әлеумет­тік сақтандыру, зейнетақымен қам­сыз­дандыру жүйелеріне тарту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санатына қосу шаралары мақсатында жүргізіледі», – дейді Ұ.Тінәлиев. Бағдарлама аясында 2 053 атыраулық жұмыспен қамтылған.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше