Спорт • 20 Қыркүйек, 2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Алматының «Қайрат» клубын жаттықтырып жүрген бразилиялық маман Кака Қазақстан құрамасының бас бапкері болып ресми түрде бекітілді.  

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

41 жастағы айтулы маманның есімі футзал әлемінде кеңінен танымал. Бапкерлік кәсіпті бастағалы бері ол Ресейдің «Спартак-Щелково», ЦСКА және «Динамо-Ямал» клубтарында жемісті еңбек етті. Кейіннен Бакудің «Нефтчиі» мен Әзірбайжанның жастар құрамасын жаттықтырып, сол командалардың біраз белестерді бағындыруына сүбелі үлес қосты. Қап тауы бөктерінде біраз жыл еңбек еткеннен кейін қайта Ресейге оралып, әйгілі «Газпром-Юграның» тізгінін ұстады. Үстіміздегі жылдың көктем айларында Қазақстанға ат басын бұрып, Алматының «Қайратын» баптай бастады. Міне, енді Кака Қазақстанның ұлттық құрамасын да жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте жерлестеріміз Бакуде Әзірбайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Сол бәсекеде қазақстандық футзалшыларға Кака жетекшілік етеді.  

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»