Үкімет • 21 Қыркүйек, 2018

Парламенттік тыңдау өтеді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 28 қыркүйекте Мәжілісте «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Парламенттік тыңдау өтеді

Оған Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың басшылары, саяси партиялардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП, жастар ұйымдары, білім беру, жұмыспен қамту орталықтары, шетелдік және отандық сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.
Онда еңбек нарығының жай-күйі, азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, өзін өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау жөніндегі өзекті мәселелер талқыланады деп жоспарланған. 

Тыңдауда Қазақстан Республи­касының Еңбек және ха­лық­ты әлеумет­тік қорғау мен Ұлттық эконо­ми­ка министр­лік­терінің тақырып­тық баяндамалары жасалады деп күтілуде. 

Сондай-ақ парламенттік тың­дауды әзірлеу жөніндегі Ар­н­айы уақыт­ша комиссия өз жұмыс нәти­же­­лерін ұсынатын болады.
Парламенттік тыңдаудың қоры­тын­­д­ысы бойынша, Қазақстан Рес­пуб­­­­ли­касының Үкіметіне, орталық мем­­­­лекеттік және жергілікті ат­қару­­­­шы ор­гандарға Ұсынымдар әзірленеді.