Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2018

Көшенің сәнін келтіріп...

82 реткөрсетілді

Кеншілер астанасында «Жаз энергиясы» атты граффити шеберлерінің байқауы өтті. Көше суретшілерінің бұл сайысында Қазақстан мен Ресейден келген 13 граффитші бақ сынады. Конкурс шарты бойынша үміткерлер байқауды ұйымдастырушы  «Қарағанды Жарық» компаниясына тиесілі 27 трансформаторлық бекетті безендірді.

Биылғы байқаудың негізгі тақырыбы «Астана – арман қала» болды. Сонымен қатар, суретшілер «Электр қуаты қауіпті!», «Қиял әлемі – мен стиль сыйлаймын», «Футболдан әлем чемпионаты», «Қарағанды Жарық» – 15 жыл бірге» атты тақырыптар бойынша да өз туындыларын қазылар алқасының назарына ұсынды.

Конкурс қорытындысында бас жүлдеге Павлодардан келген Владимир Зубко лайық деп танылды. Байқауға бес бірдей жұмыс ұсынған граффитші шеберге Гран-при жүлдесі өнертапқыш Никола Тесланың портреті үшін берілді. Жеңімпазға қала әкімінің алғыс хаты мен 150 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Айта кетерлігі, бұл байқауда Кереку өңірінің суретшілері олжалы болды. Гран-при иегері В.Зубкодан басқа Павлодар өңірінен келіп қатысқан Руслан Каримов пен Василий Вдовин, тиісінше бірінші және екінші жүлделерді жеңіп алды. Ал компания басшысы тағайындаған арнайы жүлде Астана қаласының өкілі Диас Әубәкіровке бұйырды.

Жергілікті «Қарағанды Жарық» компаниясы «Жаз энергиясы» байқауын  2011 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар