![Мұнайдың әлемдік бағасы өсті](/article_photo/1537591580_article_b.jpeg)
Сауда қорытындылары бойынша, қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 0,006 долларға көтеріліп, берреліне 78,77 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,46 долларға артып, бір баррель мұнай 70,78 доллар болды.