Спорт • 23 Қыркүйек, 2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

197 реткөрсетілді

  Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесіне орай облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындарының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.

Спорттық сайыстардың басты мақсаты - Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауына сәйкес еліміздегі бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің алдымызда биік мақсаттар мен жоспарлар тұр. Әр түрлі деңгейдегі командалардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында спорттық ұйымдарды көбейту, облыстың құрама командаларының әзірліктерін қалыптастыру. Сонымен қоса, спорт секциялары мен аула клубтарын күшейтуді жалғастырамыз, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Халық спорты ойындарына Республикамыздың барлық өңірлерінен 2 мыңға жуық спортшылар қатысуда. Халықтық спорт ойындары 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғаш рет Астана қаласында өткізілген болатын. 4 жылда бір рет өтетін кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес, салауатты өмір салтын серік еткендер өнер көрсетеді. Спортшылар волейбол, стритбол, шағын футбол, жағажай волейболы, үстел теннисі, қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, президенттік көпсайыс, стрит воркаут, спорттық бағдарлау сынды спорттық сайыстардың 13 түрінен бақ сынасады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Ұқсас жаңалықтар