Футбол • 23 Қыркүйек, 2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

73 реткөрсетілді

Өкінішке орай, футболдан 5 дүркін ел чемпионы -«Ертіс» футбол командасы еліміздің  Премьер-лига ойындарында биыл турнир кестесінің соңына түсіп қалды. Бірінші іріктеу кезеңінен өте алмай Европа лигасымен де қоштасқаны беліглі. Биылғы маусым соңына дейін «Ертісті» алда 8 ойын күтіп тұр. Оның 5-уі сырт алаңда, 3-уі облыс орталығында өтеді.

Клубтың бұрынғы бас бапкері, болгариялық маман Димитар Димитров жаз айында Павлодардағы қызметіне қайта оралды. Клуб баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, енді ол жасалған келісімшарт бойынша алдағы екі жарым жыл «Ертіс» футбол командасын жаттықтырады.

Клубты 2015-2017 жылдары аралығында жаттықтырған  Д. Димитровтың жетекшілігімен барлығы жергілікті футболшылар 79 ойын өткізіп, оның 35-інде жеңіске жетсе, 18 кездесуді тең аяқтаған.

Келесі маусымда «ИРТЫШ» атауы «ERTIS» деп өзгеруі мүмкін.            Облыс  орталығында құрылған сараптау комиссиясының мүшелері «ERTIS» деп өзгеруі заман талабы десе, жанкүйерлер де клуб атауын өзгерту жөнінде ұсыныстар жасаған. Комиссия  «Ертіс» ФК эмблемасын жаңартудың қажеті жоқ, көпшіліктің көзі үйренген логотип тартымды деп шешіпті.

Мүмкін осы рухани өзгерістер алаңда футболшыларға,  жанкүйерлерге жеңіс сыйлар.

Кеше  22 қыркүйекте «Ертіс"командасы Шымкентте «Ордабасы»  командасын 0-2 ұпаймен жеңді. Бірақ, әзірге 23 ұпаймен төменгі орында тұр.  "Ордабасы" 5-ші орынға түсіп қалды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарттарға кітап сыйлады

Қоғам • Бүгін, 12:14

Бүгін – жартылай финал

Спорт • Бүгін, 09:44

Ұқсас жаңалықтар