Руханият • 23 Қыркүйек, 2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

179 реткөрсетілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сапары Бурабайдан басталған «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы Абылай хан мәңгі қоныс тепкен киелі Түркістанға келді.

 Үш көлікпен Бурабайдағы Абылай хан алаңынан жолсапарға шыққан 10 азамат XVIII ғасырдағы «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен мыңдаған шақырым жол жүріп, қазақ даласының тарихын зерттепті. Экспедиция Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің тікелей қолдауымен және қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен ұйымдастырылған. Құрамында белгілі ғалымдар мен тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірген экспедиция тарихи мәліметтер жинап, Абылай мен оның заманы туралы ғылыми мақалалар мен зерттеулерді жинақ ретінде жарыққа шығармақ. «Абылай ханның қара жолы» атты көркем фильм түсіру де ізгі мақсаттарының бірі. Абылай ханның ұрпағы Сансызбай Мұхитанов ақ батасын беріп, ақжолтай сәтсапар тілеген экспедиция мүшелері жол жол бойындағы ауылдарға соғып, аңыз-әңгімелер жинап, сапар барысында кездескен тарихи орындарды белгілеп, қағазға түсірген.

Түркістан облысының әкімдігінде өткен жиында экспедиция қатысушылары тарих, өлкетану жөнінде өз ойларын ортаға салды. Ал Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы Гаухар Пірімбетова Абылай ханның қара жолы солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол болғандығын жеткізді. «Хан оны саяси және экономикалық мүддеде пайдаланған. Жалпы Абылайға қатысты «Абылайдың қара жолы», «Абылайдың қара қосы» деген ұғымдар күні бүгінге дейін ұрпақтар санасында жаңғыра отырып жеткен. «Қара» деген сөздің өзі қазақ тілінде «қасиетті», «көне», «үлкен», тағы басқа мағыналарды беретінін ескерсек, «Абылайдың қара жолы» тіркесінің мағынасын – жалпыға мәлім даңғыл керуен жолы деп түсінуге болады» - деді Г.Пірімбетова. Экспедиция аясында топографиялық карта дайындалмақ. Сондай-ақ, экспедиция жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлының айтуынша, сапардан соң Көкшетауда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар