Футбол • 24 Қыркүйек, 2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтауға үлкен футбол оралды

Ақтаулық футболшылар стадион жарамсыздығынан 3 маусым бойы Шымкент стадиондарының бірін өз алаңына айналдырып келді. Басты себеп «Жас қанат» стадионының ҚФФ-ның талабынан өтпеуі. Себебі мұндағы 5 жылға жарамды жасанды алаң 12 жыл бойы ауыспады және алаң өлшемі де талапқа сай келмеді. 12 жыл бойы ауыстырылмаған жасыл алаң биыл толықтай жаңарды. УЕФА талаптарына сай жасақталған стадионның алаңымен қоса, қақпалар, табло мен орындықтар да жаңарған.

Жаңарған стадиондағы алғашқы ойын Қазақстан бірінші лигасының 28-ші туры аясында «Каспий» мен алматылық «Қайрат А» арасында өтті. Жергілікті ойыншыларға қолдау білдіруге облыс басшысы Ералы Тоғжанов та келді. Үш жылдық үзілістен кейін өз стадиондарына оралған ойыншылардың қадамына сәттілік тілеп, футбол жанкүйерлерін мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ стадионды қалпына келтіруге демеушілк еткен кәспкерлерге де алғыс айтып, арнайы диплом тапсырды. Ал «Каспий» клубына жанкүйерлер атынан автобус кілтін табыстады.