Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018

Еңбек еленген күн

364 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек форумы өтті. Форум аясында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» аталымдары бойынша жеңімпаздар және кәсіптері бойынша үздіктер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Еңбек еленген күн

Онлайн-дауыс берудің және Астана қаласы әкімдігінің жа­нындағы «Еңбек жолы» кон­курсының жеңімпаздарын анық­тау жөніндегі комиссия ше­шімінің қорытындысы бо­йынша «Еңбек жолы» кон­курсының «Үз­дік еңбек әулеті» аталымында бірінші орынды Рахимберлиндер әулеті иеленді. Әулеттің үлкені Ди­дар Әлімқызы №34 орта мек­тептің директоры, осы күнге дейін мектептің деңгейін көт­еріп, тәрбиелі де білікті, жауап­кершілігі жоғары, басқару тео­риясын жақсы меңгерген, ұжымды басқару қабілеті жоғары қызметкер. Еңбек жолында қол жеткізген табыс­тары үшін көптеген алғыс хат­тармен, құрмет грамоталары және сертификаттармен марапатталған. Атап айт­қанда, 2016 жылы «Жылдың үздік мұ­ғалімі» атанған. Рахим­бер­линдер әулетінің жалпы пе­да­гогикалық еңбек өтілі – 136 жыл. Әулетте барлығы 5 педа­гог бар. Олардың барлығы еліміздің әр облыстарында жалпы білім беретін мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарған және әлі де атқарып келеді. Ал жүлделі екінші орынды Сү­лейменовтер әулеті иеленді. Әу­леттің басшысы Жексенбай Сү­лейменов – электрлендіру және энергетика кафедрасының Орталық электротехникалық зертханасының басшысы, құр­метті теміржолшы. Те­мір ­жол саласына өз үлесін отбасының 15 мүшесі қосып отыр. Әулет­тің жалпы еңбек өтілі – 345 жыл. Жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссия шешімімен үшінші орын Гольцварт әу­летіне бұйырды. Әулеттің басшысы Александр Гольцварт «Ас­тана – Энергия» АҚ ТЭЦ-2 бас инженердің орынбасары. Сонымен қатар аталған кәсіп­орында жұбайы, ұлы мен келіні де еңбек етеді. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 112 жыл.

Айта кететін тағы бір жайт, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымы бо­йын­ша Сәуле Кенжетайқызы үздік деп танылды. Ол «Биком-инжиниринг» ЖШС-те бас сәулет­ші болып жұмыс істейді. Екінші орынды «Астана – Энер­гия» АҚ химия цехының ауы­сым бастығы Татьяна Ген­на­дийқызы иеленсе, үшін­ші орын­ға «Электровоз құ­растыру зауыты» ЖШС жи­нақтау цехы­ның шебері Ертай Бер­дібайұлы лайық деп танылды.
Сонымен қатар «Өндірістің үздік жас маманы» аталымы бойынша бірінші орынды Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де «Баспасөз қыз­меті бөлімінің» басшысы Данияр Байжанов, екінші орын­ды «ORKEN» кәсіби оқыту орталығының басшысы Жан­болат Ахметов және үшінші орынды Нұрсұлтан Назарбаев Халық­аралық әуежайында персонал жөніндегі және әскери есепке алу маманы Шахризат Қанатқызы иеленді. 

Биыл жаңа аталым ретінде «Көрермендер көзайымы» ен­гі­зілген екен. Бұл аталымға Астана қаласының бас онкологі, «Астана медициналық уни­верситеті» АҚ Директорлар ке­ңесінің мүшесі, Астана қа­ла­­сының онкологтері мен радио­логтері қоғамының төр­ағасы Мұхтар Төлеутаев лайық деп танылды.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»