25 Қыркүйек, 2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

159 реткөрсетілді

Астанада Ирина Бекетова есімді журналистің өліміне қатысты 34 жастағы ер адам күдікті ретінде анықталды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Журналистің өлімі туралы әлеуметтік желіде әріптестері хабарлады. Олардың айтуынша, тілшінің соңында үш ұлы мен бір қызы қалған.

«Бүгін әріптесіміз әрі жақын араласқан досымыз Ирина Бекетовадан айырылып қалдық. Артында аңырап үш ұлы және бір қызы қалды. Өкініштісі, Ира әлі жас еді, балалары қанаттанбаған сары ауыз балапан секілді тым кішкентай, тұла бойы тұңғышы Өмірзақ болса, мүгедек, Ақылбегі енді ғана екінші сыныпқа көшті, Жансаясы мен Жанболаты енді үштен асқан, балабақшада», - деп жазады Иринаның әріптестерінің бірі.

Көп кешікпей Астананың құқық қорғаушылары күдіктінің анықталғанын мәлім етті. «Астана қаласының құқық қорғаушылары 34 жастағы қала тұрғынын сезікті ретінде анықтады. Ол кісі өліміне әкеп соққан, қасақана түрде ауыр дене жарақатын салу күдігіне ілініп отыр. Күдіктіні қолға түсіру үшін барлық шаралар жүргізіліп, қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар