Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

Торғай кентінде той басталды

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Торғай кентінде Жанкелдин ауданының 90, Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығы, Торғай қаласының 150 жылдығына арналған мерекелік шара басталды.

Торғай кентінде той басталды

Тойдың шымылдығын жас қанат ақындар ашқан. Торғайдың ақиық ақыны Нұрқан Ахметбековтың туғанына 115 жыл толуына арналған оқушы ақындар айтысы өтті.

"Көркейе бер, Торғайым!" концерті Торғай өңірінен шыққан композиторлар әндерін насихаттауға арналыпты. Байқауда тек облыс өңіріндегі және көрші облыстардан келген жас таланттар өнер көрсетті. Сондай-ақ, «Торғай - тұлғалар мекені» атты ғылыми - танымдық конференцияға, балуандар куресіне, өнер шеберлерінің концерті мен ат бәйгесіне ұласады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

"Егемен Қазақстан"

Қостанай облысы

Торғай кенті