Оның сөзіне қарағанда,марқұм дене қызуының көтерілуіне байланысты сол елді мекендегі амбулаторлық пунктке келіп, дәрігерге қаралған. Бірнеше күн ем-дом алғаннан кейін Көкшетаудағы Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуына барған. Бірақ денсаулығының төмен екенін сезінгеннен кейін ауылына қайта оралған. Екі күннен соң емханаға қайрылып, ангина деген диагноз қойылған. Дерттің күрт асқынғаны соншалық, сол күні ес-түсінен айрылып, көз жұмған.
– Биыл өңірде менингит науқасына шалдыққан екінші оқиға тіркеліп отыр. Марқұммен қарым-қатынаста болған адамдардың денсаулығы жіті тексеріліп, жағдай бақылауға алынды», дейді А. Құшбасов.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы