Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

Амангелді ауданына 90 жыл толды

1294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыркүйек айының соңғы аптасында Қостанай облысы,  Амангелді ауданының 90 жылдығы тойланып жатыр. Мереке қарсаңында аудан орталығында тұрмыстық кызмет көрсету үйі мен спорт алаңы ашылды.

Амангелді ауданына 90 жыл толды

«Уакытпен ундескен өңір: Тарих. Тұлға. Тағылым» атты ғылыми-практикалык конференция өтті. Оның алдында көрермендер Амангелді өңіріндегі тарихи киелі жерлер туралы деректі фильмді тамашалады. Конференцияда осы ауданның құрметті азаматы академик Кенжеғали Сағадиев, осы өңірдің тумасы, жазушы Сәбит Досанов, академик Байзақов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

 - Осы 90 жылдың ішінде ең үлкен жетістік - тәуелсіздігіміз болды. Білім - ғылым дамыды. Амангелді өңірінен шыққан перзенттер, ғалымдар, өнер иелері елді әлемге танытып жүр, деді Кенжеғали Сағадиев.

Мереке құрметіне айтыс өтіп, Айбек Қалиев бас жүлдені алды. Мерекеге жиналған тұрғындар қазақша күрестен жарысты тамашалайды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы

Амангелді ауданы