Әлем • 29 Қыркүйек, 2018

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркі тілдес елдер кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев БҰҰ-ның 73-ші сессиясына қатысты.

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты

27-28 қыркүйек күндері  Бас xатшы БҰҰ-ның Бас xатшылығының өкілдерімен, БҰҰ-ның серіктестік бойынша кеңсе басшысы Юг-Юг Джордж Чедиекпен, БҰҰ даму жөніндегі бағдарламасының басшысы Растислав Вребенскимен, Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз Аль-Насермен, БҰҰ жанындағы ИЫҰ-ның тұрақты байқаушысы Агшин Мехдиевпен кездесті. Бұл кездесу барысында БҰҰ-ның арнайы құрылымдарының Түркі мемлекеттері мен кеңсе мүшелерінің мемлекеттерімен серіктестікті дамытудың жолдары талқыланды. 

27 қыркүйек күні Түркі тілдес елдер кеңесінің делегациясы Қырғызыстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ұйымдастырған  «Адамдар және планета: Орталық Азия халықаралық ынтымақтастыққа шақырады» атты шараға қатысты. 

Сол күні Түркі кеңесінің Бас хатшысы Б. Әміреев БҰҰ-ның Өркениеттер альянсының министрлер конференциясында сөз сөйледі. Өз сөзінде Түркі Кеңесінің халықаралық күнтізбедегі әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жергілікті ұйым ретінде қатысуға дайын екенін білдірді. Бас хатшы Министрлер кеңесіне БҰҰ-ның Өркениеттер альянсымен  зорлық пен дінаралық, этникааралық қақтығыссыз бейбітшілік орнату, өркениет диалогы жаһандық әрекетін қолдауды дамыту туралы кеңестерін таныстырды.

28 қыркүйек күні Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Қазақстанның «Терроризмнен азат әлемге жету туралы» Кодекс жобасының таныстырылымына қатысты.

Шара барысында Бағдат Әміреев БҰҰ-ның 70-тен аса мемлекеттегі өкілдерімен бірге Түркі Кеңесінің атынан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен әзірленген «Терроризмнен азат әлемге жету туралы» Кодекс жобасын жүзеге асыру үшін құжатқа қол қойды. 

Іс-сапар соңында Бас хатшы БҰҰ-ның 73-ші сессия барысындағы дебаттарға қатысты.