
Кездесуден кейін пікірімен бөліскен Жәнібек алдағы уақыттағы кездесулерге жақсылап дайындалатын жеткізді.
«Америкадағы дебютті жасап болдым. Бәрі ойдағыдай. Америкадағы алғашқы жекпе-жек болғаннан кейін өнерімді толықтай көрсеткім келді. Енді алдағы кездесуге жақсылап дайындалу керек», деді Жәнібек.
Жәнібек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қаласында колумбиялық Карлос Гальванмен (16-7-1, 15 КО) кездесті. Төрешілердің шешімімен жеңіс Жәнібектің қанжығасына байланды. 60:54 ұпайына ие болып, кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті. Ал 28 жастағы қарсыласы Карлос Гальван карьерасында сегізінші рет жеңіліс тапты.
Қазақстандық кәсіпқой боксшының келесі кездесуі 3 қараша күні АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өтеді. Кезекті қарсыласы – америкалық Вон Александр. Бұл боксшы өзінің қылмыстық өмірбаянымен танымал. Вон Александер қару кезеніп, кісі тонағаны үшін 11 жыл бойы түрмеде отырып шыққан.