Бизнес • 03 Қазан, 2018

Биыл Қостанайда экспорт көлемі 20 процентке артқан

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста жыл басынан бері экспорт көлемі 20 процентке артқан. 2017 жылы өңірдің сыртқы саудасы 2 млрд 31 млн долларды құраған. Биыл жыл аяқталмай жатып, осы көрсеткіштен 25 процент көп екенін байқалады. 

Биыл Қостанайда экспорт көлемі 20 процентке артқан

Жылдың 7 айында экспортталған өнімнің бағасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 947 млн доллар болған. Облыста ұн 8 процентке,астық 4 есе, темір кені өнімдері 20 процентке, асбест 2,1 процентке артық экспортталған.

«Қостанай облысы өнімін 90 елге шығырады. Соның ішінде Ресейге барлық экспортталған өнімнің 53 процентін артады. Иран мен Ауғанстанға және жаңа нарыққа шығу кәсіпорындардың өзіне, тауарына және экспортты мемлекеттік тиімді қолдауға байланысты» деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі сыртқа өнім шығаратын кәсіпорындар «ҚазахЭкспорт» ұлттық сақтандыру компаниясының қызметін тиімді пайдалануы қажеттігін ескертті.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай