Өнер • 08 Қазан, 2018

Келер жылы Жабай Нұр­жанұлының туғанына 130 жыл толады

92 реткөрсетілді

Кезінде Жабай Нұржан­ұлы Қарағанды облыстық радиосына әншілік қызметке шақырылып, 1932 жылдан 1970 жылдың соңына дейін қырық жылға жуық табысты еңбек етті.

Ол өзінің өнер жолында қазақтың небір күміс көмей, жезтаңдай әншілерімен әріптес болды. 1936 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысып, үкімет адамдарының назарына ілікті. Жабайдың репертуа­рында жалпы тоқсанға жуық ән болған екен. Оның көп­шілігі Біржанның, Ақан се­рі­нің, Жарылғапбердінің, Жаяу Мұсаның әндері еді.

Жабайдың жастық шағы өте ауыр жағдайда өтті. Әке-шешеден үш жасқа жет­­­­пей жетім қалған жас, бесік­­тен белі шықпай жатып күнкөріс қамымен бай­дың қозысын бақты. Он бес жасқа толғанда бойы екі жарым кез, екі иығына екі кісі мінгендей жиырма бес жастағы жігіт тәрізді көрінді. Ержете келе ерен күш атасы Жабай сан рет күреске түсіп жүлделі орындарды иеленді. Екібастұз, Қарағанды қалаларындағы шахталарда жұмыс істеді. Кемеде жүкші болды. Оның:

Бір кезде тұрмыс мені билегенді,

Жоқшылық, мүшкіл өмір илегенді. 

Жүргенде параходта қап арқалап,

Қабырғам ауыр жүктен күйрегенді.

Талай жыл жүк көтеріп жүрдім қажып,

Отырдым табыс жетпей жүдеп, азып.

Жұбатқан оңашада жан серігім,

Домбырам, өлеңіммен бол­ған азық, – деген өлең жолдары мұны айғақтай түскендей. Содан 1916 жылы майданның қара жұмысына алынып Рига қаласының түбінен бір-ақ шықты. Аштық, ауыр жұмыс ер жігітті мойыта алмады. Ол аман-есен елге оралып көздеген мақсатына жетті. Үкімет оның еңбегін жоғары бағалап республикалық дәре­жедегі зейнетақы тағайын­дады. Әндерін жеке диск етіп шығартты. Әнші, композитор Жабай Нұржанұлы тоқсанға қараған шағында 1978 жылы Баянауыл ауда­ны­ның Жаңатілек елді ме­ке­нінде дүниеден озды. Қа­зақ­станның еңбек сіңірген әртісі Жабай Нұр­жанұлының туғанына келер жылы 130 жыл. Оның соңында өшпес өнері қалды.

Мұхамет-Қайыр ШӘРІПОВ

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар