Аймақтар • 10 Қазан, 2018

Ұсыныстар жинақталып, іс-шаралар жоспары бекітіледі

463 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жөнінде Түркістан облысында барлық салалар бойынша ұсыныстар жинақталып, іс-шаралар жоспары бекітілмек.  

Ұсыныстар жинақталып, іс-шаралар жоспары бекітіледі

Жолдау бойынша өткен мә­жі­лісте Түркістан облысы­ның әкімі Жансейіт Түйме­баев тиісті басқармаларға жо­ға­ры­да айтылған және бас­қа да нақ­ты тапсырмалар жүк­теді. Мысалы, өзекті инф­рақұ­ры­лым­дық мәселелер тізімін жасап, жобаларды қаржыландыру кө­зін қарас­тыру­ды, ал облыстық ауыл ­­шаруашылығы басқармасы­на ең­бек өнімділігін және қайта өң­делген өнім экспортын көбей­ту бо­йынша нақты шаралар­­ды жүзеге асыруды тапсырды. Мәжі­­ліс­те негізгі алты бағыттан тұ­­­ратын саяси құжаттың мәні мен ма­ғынасына жеке-жеке тоқ­т­алып, ондағы міндеттерді өңірде атқарылып жатқан жұ­мыс­тар­мен байланыстыра баян­даған Ж.Түймебаев Елбасы кә­сіп­кер­лікті қолдау мақсатында қол қойған «Түркістан» еркін эко­но­ми­калық аймағын құру туралы Жарлықтың облыс экономикасына тың серпіліс әкелетінін атап өтті.

«Елбасы айрықша тоқталған міндеттердің бірі – туризм саласын дамыту. Биылғы жарты жылдың өзінде Түркістанға 720 мыңға жуық адам сапарлады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 57,2 процентке өсті. Жақын арада облыс орта­лығына келетін миллионын­шы туристі күтетін боламыз. Түркістан облысында туризм­ді кешенді дамыту мақса­тын­да 2018-2025 жылдарға ар­нал­ған туристік индустрияны дамы­ту тұжырымдамасы әзір­лен­ді. Кешенді шаралардың нә­ти­жесінде об­лысқа келетін ше­тел­дік турис­тердің санын 5 миллионға жете­ді деп күтілуде», деді Ж.Түй­ме­баев. Сондай-ақ облыс әкімі ин­вес­тиция тартуда сырттан күт­пей, отандық ин­вес­торлардың мүм­кіндігін пай­далану, жерді тиімді қол­дану қажеттігін айтып өтті. Ең­бек өнімділігі бойынша да Ел­ба­сы­ның сын-ескертпелерінен қоры­тынды шығару, мақсатт­ары бір болғанымен өткізу мезгіл­дері мен форматтары өзгешелеу жи­налыстарды азайту қажет. Елбасы Жолдауында айтылған агро­­өнеркәсіп кешенінің әлеуе­­тін толық жүзеге асыру мәсе­­ле­сіне тоқталған облыс әкі­мі өңір экономикасының драй­вері болып табылатын ауыл ша­руа­шылы­ғы­ның жалпы өнім кө­лемі 250 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,6% болғанын атап өтті. Со­ны­мен бірге өңірдің ал­дағы даму жоспарларымен бөлісті. 

Мемлекет басшысының сая­си құжатындағы міндеттерді насихаттау, жүзеге асыру жолдарына қатысты қоғам қайрат­кері Орынбай Рахманбердиев, Қ.А.Ясауи атындағы халықара­лық қазақ-түрік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Маханұлы, «Бөрте Милка» кәсіпорнының құ­рылтайшысы, облыстық мәс­лихат депутаты Нұралы Әбішев, Сайрам аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер ұстаз Аман­гелді Қабылбеков, Қазақ­стан өзбектері «Дустлик» қауым­дастығының төрағасы Икрам Хашимжанов және Қ.А.Ясауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік универ­ситетінің 4-інші курс студенті, «Түркі­стан студенттері альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Алуа Тұрсынхан мінберге шығып, өз ойларын ортаға салды. 

Актив соңында Ж.Түймебаев Елбасы Жолдауында атап көрсе­тіл­ген мәселелерді негізге ала оты­рып, ең алдымен, оның тиісті дең­гейде түсіндіріліп, БАҚ-та на­си­хатталуын облыстық ішкі саясат басқармасына тапсырды. На­си­хаттау шаралары, сондай-ақ, облыстық білім, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі бас­қар­малары мен аудан, қала әкім­дік­теріне, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалына да жүк­телді. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы