Медицина • 11 Қазан, 2018

Жолдаудың мәні – халықтың қамы

184 реткөрсетілді

Қарағандыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­­­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді талқылау бойынша облыс активінің жиналысы өтті.

«Келесі жылдың 1 қаңта­ры­­­­­нан бастап ең төменгі еңбек­ақы 1,5 есеге көбейе­ді. Бұл об­­лыстың 32 мың тұрғынына, бюджет саласындағы 25 мың адамға қатысы бар. Осы мақсат­­тарға 2 млрд теңге бөлінеді», де­ді облыс әкімі Ерлан Қошанов. 

Е.Қошанов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­ла­масы бойынша Қарағанды облы­сының орасан зор тиімділікті сезініп отырғанын айтты. «Бір­неше цифр келтірейін: 8 жыл ішінде бағдарламаны қар­жы­­ландыруға 17 млрд теңге бағытталды, 1,5 мың кәсіпкерге қолдау көрсетілді, бюджетке 24 млрд теңге салық төлемдері аударылды, 20 мың жаңа жұмыс орны ашылды, 168 млрд теңге инвестиция салынды», деп атап өтті облыс әкімі. 

Бұдан соң Жолдауда туризм саласын дамытуға ерек­ше­ көңіл бөлініп, оның эконо­ми­­каның жылдам дамушы сек­­торларының бірі ретінде аталғанын айта келіп: «Пре­зи­дент бірінші кезекте еліміз­дің топ-10 туристік нысан қата­ры­на кіретін Балқаш маңы ай­мағында туризмді дамыту бо­йынша шаралар қабылдауды тап­сырды. Біздің мақсат – 2023 жыл­ға дейін Балқаштағы турис­тер ағынын 2 есеге көбейту», деді.

Өңір басшысы білім беру саласындағы негізгі бағыт­тардың анықталғанын, енді тек оларды сапалы орындауға кірі­су керектігін айтты. 

«Бүгінде 3-тен 6 жасқа де­йінгі балаларды оқумен қамту 98,9%-ке жетті. Жылдың соңына дейін Мемлекет басшысының бұл жастағы балаларды 100% қамту жөніндегі тапсырмасын мерзімінен бұрын орындаймыз деген жоспарымыз бар. Биылғы оқу жылында оқушылардың 70 проценті жаңарған мазмұн бойынша білім алып жатыр. Жаңа бағдарлама бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан жылдың басынан бері 5 мың мұғалім өтті. Тағы не істеу керек? Жаңа бағдарламалар енгізу керек, білікті мамандарды тартып, оларға Назарбаев зияткерлік мектептері үлгісінде жағдай жасау қажет», деді Е.Қошанов.

Өңір басшысы Елбасының «7-20-25» ипотекалық бағдар­ламасының орындалуына ай­рықша мән беріп отырға­нына тоқталды. Жылдың соңы­на дейін тұрғындарды несие­лен­ді­ру үшін 324 пәтер, ал 2019 жылы 1 мыңнан астам пәтер бөлі­нетіндігін айтты. Сондай-ақ бүгінде алғашқы жарнаны субсидиялау мәселесінің ше­ші­ліп жатқанын да мәлім етті.

Сонымен қатар облыс әкі­мі өңірде мемлекеттік қыз­меттердің 74% электронды түр­де көрсетілетінін, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90 процент электрондық пішімде бола­тынын жеткізді. Экспорттық әлеуетті күшейту керектігіне де баса мән беріп, бұл саладағы мәселелерге кеңінен тоқталды. Аграрлық сектордағы «нақ­ты егіншілік» – жоғары тех­но­ло­­гиялық кешенді жүйе жобала­рын жүзеге асыру ісінің жал­ға­сатынын мәлімдеді. Ай­мақта кәсіпкерлікті қол­дау әрі қарай жалғасын табатынын айтты. 

Е.Қошанов өңірде бұ­қа­ралық спорттың қолже­т­ім­ді­лігін арттыруға баса кө­ңіл бөлу керектігін атап өтті. «Бүгінде облыста 17 дене шы­нықтыру-сауықтыру кешенін салуға сұраныс бар. Биыл 3 кешен, келер жылы тағы үшеуін саламыз. Жыл сайын бюджет есе­бінен қалалар мен аудандар­да 15 спорттық алаң мен 20 хок­­­кей кортын орнатамыз», деді ол.

Жиын барысында Е.Қо­ша­нов Жолдауда айтылған не­гізгі алты міндет бойынша тиісті салалардың басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу барысын тікелей өзінің бақылауына алатынын мәлімдеді. 

Сондай-ақ актив жина­лысында сөз сөйлеген облыс­тық мәслихаттың депут­аты, Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы­ның Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Қоғам­дық келісім кеңесінің төраға­сы Бекзат Алтынбеков, «Шах­терское» ЖШС-нің директоры Георгий Про­коп, №1 «Бі­лім инновация­сы» облыстық лицей-интерна­тын­­дағы химия пәнінің мұға­лімі Абылай Сама­тов, облыстық жастар ре­сурстық орталығының директоры Ақжол Құрмансейітов Жолдаудың басым бағыттары туралы ойларын ортаға салды.

«Облыста жұмысты бү­гін­нен бастауға әзір ақпараттық-на­си­хат топтары құрылған. Біз­­дің бәріміз, бүгінгі актив жина­­лы­сының қатысушылары, мәс­­лихат депутаттары, қоғам қай­­рат­­керлері бұл іске бір кісі­дей жұ­мылуымыз қажет. Жол­дауда айтылған әлеуметтік мін­дет­терді облыстың әрбір тұр­­ғ­ы­­нына жеткізудің маңызы зор», деп қорытты жиынды Е.Қошанов. 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар