Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Ұсынылған бағыт – тұрақты өсу кепілі

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз, Мажарстан қыпшақтары Қазақ­­станда болып жатқан саяси-әлеуметтік жағдайларды жіті қадағалап отырамыз, Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдаумен танысып, онда Қазақстан қоғамының тыныс-тіршілігінің барлық негізгі мәселелері қамтылғанын байқадық.

Ұсынылған бағыт – тұрақты өсу кепілі

Ал елді дамытудың ұсыныл­­­ған бағыты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты өсуіне кепіл болады деп пайымдаймыз. 

Елдеріміздің әлеуметтік салада ішкі саяси стратегияларының ұқсастығын атап өткім келеді. Мажарстанда 2018 жыл Отбасы жылы деп жария­ланды, яғни қазіргі жастардың бо­йында отбасы құндылықтарын қалып­тастыруға бағытталған жыл болмақ. Қазақстанда 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланып отыр. Мажарстан Қа­зақстандағы жастар саясатына өз үлесін қосып жатқанын атап көрсет­сем деймін. Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында шамамен 400 қазақстандық студент оқиды, болашақта олар аға буынның игі бас­тамаларын ілгерілетуді өз қолдарына алып, Қазақстанның әл-ауқатын арт­­тыруға өз үлестерін қосады деп санаймын. 

Мажарстан – Қазақстанның Орта­­­­­­­­лық Еуропадағы стратегиялық әріп­тесі. Қазақстан екіжақты қарым-қаты­нас­тардың барлық бағытында Ма­жар­с­танмен достық қарым-қатынас­ты дамытуға ерекше көңіл бөле­тінін анық аңғарамыз. Біз тек саяси салада ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық және мәде­ни-гуманитарлық салаларда да ынты­мақ­тастығымыздың одан әрі нығайып келе жатқанын көріп отырмыз. 

Екі мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы өзара сенім негізінде құрылған стратегиялық әріптестік екі ел арасындағы ынтымақ­тастықты дамытуға ықпалын тигізе­тініне кәміл сенеміз. 

Мажарстан Қыпшақтар одағының Құрметті көшбасшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың сындарлы саясаты Қазақ­стан Республикасын одан әрі өсіп-өр­кен­­детуге, мажар мен қазақ достығы­ның нығаюына дәнекер болатыны күмәнсіз. 

Шандор КОВАЧ,

Мажарстан Мемлекеттік жиналысының депутаты, Мажарстан Қыпшақтар одағының төрағасы