Әлем • 11 Қазан, 2018

Украин шіркеуінің тағдыры Константинополь қолында

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстамбұлда Константинополь православ шіркеуі синодының жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Euronews.  

Украин шіркеуінің тағдыры Константинополь қолында

Журналистер үшін жабық режимде өтіп жатқан отырыста украин православ шіркеуінің автокефалия мәселесі қарастырылады деп күтілуде. Келіссөздер 11 қазанға дейін жалғасады.

Бұған дейін Константинополь Варфоломеясы патриархына Украина президенті Петр Порошенко мен Жоғарғы Рада депутаттары Украинада автокефалдық шіркеу құру туралы өтініш білдірген болатын.

23 қыркүйек күні Варфоломей патриархы украин шіркеуінің автокефалия алуға толық құқығы барын мәлімдеді, бірақ бұл мүмкіндікті беру, үкім шығару құқығы  Константинополь патриархында ғана бар.

Орыс православ шіркеуінің синоды бұл оқиғаға қатысты Константинополь бұл ісімен шіркеу заңдарын бұзып отырғанын айтты. Әсіресе архиерейлердің басқаның епархиясына рұқсатсыз араласа алмау принципі бұзылуда. Украина шіркеуінің өкілдері Константинопольдің бұл шешімінің саяси астары бар деп, варфоломейлерімен кездесуден бас тартты.