Қаржы • 11 Қазан, 2018

Қостанайдың облыстық бюджетіндегі үнемделген қаржы нақтыланды

199 реткөрсетілді

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар мемлекеттік сатып алудан үнемделген 2 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын нақтылады. Осы қаржының 452,6 млн теңгесі Әулиекөл ауданынының Аманқарағай селосындағы 240 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз ететін газ тарату желісі құрылысының алғашқы сатысындағы жұмыстарға және газды пайдалануға беруге арналған техникалық төлқұжатын дайындауға жұмсалатын болды. 404,5 млн теңге Қостанай қаласындағы көшелер мен үйлерді, жаңа тұрғын аудандарды көркейту жұмыстарына бағытталады.

Үнемделген қаржыдан 380,5 млн теңге «Бинестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде берілетін несиенің үстеме процентін субсидиялауға бөлінеді. Ол 101 кәсіпкерге қаржылай мемлекеттік көмек беруге жетіп артылады. Таран ауданындағы ауыл мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге 182,2 млн, Амангелді ауданындағы жолдарды, көшелерді орташа жөндеуге және Аралық-Торғай жолының ағымдағы жөндеу жұмысына 133 млн кетеді.

140 млн теңге Арқалық қаласының қазандығы үшін 10 000 тонна мазутты тасуға беріледі. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, бұл мазуттың қорын жасап алуға, биыл тұрғындар үшін жылу тарифінің көтерілмеуіне көмек болады. Сонымен қатар үнемделген қаржыны Қостанай қаласындағы шағын тұрғын аудан қазандығының құрылысын жалғастыруға, Амангелді ауданындағы 12 пәтерлік үйді мамандарға арнап қайта жаңғыртуға, Қостанай ауданындағы білім саласының қызметкерлерінің айлық-жалақысын көтеруге де жеткізді. Қостанай қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің балансына өткен мешітті ұстау, облыстық филармония әртістеріне сахналық киім мен Качар кентінің Мәдениет үйін жөндеу де үнемделген қаржының мойнына ілінді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар