Білім • 11 Қазан, 2018

Стивен Хокингтің соңғы еңбегі жарыққа шықты

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі ғалым Стивен Хокингтің соңғы ғылыми еңбегі жарыққа шықты, деп хабарлайды The Guardian газеті. 

Стивен Хокингтің соңғы еңбегі жарыққа шықты

Ғылыми жұмыстың халыққа жол тартуына ғалымның өмірінің соңғы жылдарында қызметтес болған әріптестері септігін тигізген. Бұл жұмыс ақпарат пен қара құрдымның байланысы туралы. Нақты айтар болсақ, еңбек теориялық физикадағы «ақпараттық парадокс» түсінігіне арналған.

Малькольм Перри Кембридж университетінің теориялық физика бөлімінің профессоры, «Қара құрдым энтропиясы» мақаласының авторы Стивен Хокингтің өзі «ақпараттық парадоксты» 40 жыл бойы басынан кешіргенін айтады.  

Бұл еңбек Хокинг дүниеден өтпес бұрын наурыз айында аяқталған. Соңғы жұмыстары мен баспа ісін Кембридж бен Гарвард университеттерінің профессорлары Саша Хако, Малькольм Перри, Эндрю Стромингер тамамдады. Ғылыми еңбек Корнель университетінің онлайн-кітапханасында жарияланған.