Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Маңғыстауда «Жарқыра» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге аспақ

127 реткөрсетілді

"Жарқыра» бағдарламасы 2019 жылы Маңғыстау өңірін қамтып, Ақтау, Форт-Шевченко қалалары мен Баутино, Боранқұл елді мекендерінде іске асады деп жоспарланған. Осы мәліметті көпшілікке жеткізу үшін Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында басқосу өтті.

Бағдарламаның аймақтық үйлестірушісі Асқар Секербаевтің айтуынша, бағдарлама Орта Азияны дамыту қоры мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен жүзеге асып келеді. Мақсат- қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелеріне тұрақты кәсіпкерлік шешімдерді ұсынуға бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға серпін беру. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге 1,5 млн- 3 млн теңге бөлінеді. Пайызсыз қарыз 5 жылға берілмек.

- Бұл жоба өте тиімді. Қазір ұсынылып жатқан гранттардың ішінде ең жоғарғы қаржы болып саналады. Көбіне үлкен көлемдегі қаржылар несиеге беріледі. Маңғыстаулықтарға қор қаражаты жаңаша бағытта кәсіп дамытуға септігін тигізетініне сенім артамын, дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

2016-2018 жылдар аралығында бұл бағдарлама Атырауда жүзеге асты. Өткен жылдың өзінде мұнайлы өңірде 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік жоба дамыған. Барлығына 62 мың доллардан астам қаржы бөлінген екен.     

«Жарқыра» бағдарламасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Әрі оны үйрену талаптары қарапайым. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Бірінші –әлеуметтік идеяларды іріктеу кезеңі, екінші кезең- қатысушыларды таныстыру, семинар мен дәрістер оқу. Сондай-ақ тағылымдамадан өтіп, кеңес беріліп, бизнес-жобаларын қорғау. Яғни, әлеуметтік идеяны бизнес жоспарға дейін жеткізу барысын қамтиды.

Бағдарлама арқылы әлеуметтік кәсіпкерлер қордан жыл сайын қаржылай қолдау алуына мүмкіндігі бар. Бағдарлама балалар мен жастар, денсаулық сақтау,  білім беру, халық дәстүрлерін жандандыру, экология, спорт, мәдениет және өнер, осал адамдарға қолдау көрсету: жалғыз, мүгедектер, қарттар, оралмандар және т.б. бағыттар бойынша жүргізілмек.

Бағдарламаны жүйелі жүргізу үшін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы мен Еуразия Орта Азия қоры арасында түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облыс

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар