Саясат • 11 Қазан, 2018

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ауысты

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тағы басқа Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару жүктелді.