Білім • 12 Қазан, 2018

Мұғалім мәртебесі биіктей береді

653 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мұғалім мәртебесі биіктей береді

Бұл жолғы Жолдау, педагогтер қауымын төл мерекелері қарсаңында ерекше қуанышқа бөледі. Өйткені маңызды құ­жатта Мемлекет басшысы «Пе­да­гог­ мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қа­жет­­тігін тап­сырды. Бұл құ­жат мұ­ға­лім­дер мен мектепке де­йін­гі меке­­мелердің қыз­мет­кер­ле­рін қа­нат­тан­дырып, өз маман­ды­ғына деген сүйіспен­шілігін арт­тыра түсетіні анық. Педа­гог – оқы­тушы ғана емес, ұлт тәр­бие­­шісі. Сол себепті, қоғам­ның ауыр да, жауапты жүгін арқа­ла­ған мұ­ға­лімдер үлкен құрметке лайық.

Жалпы, облысымызды пе­да­гогтердің мәртебесін арттыру, қолдауды мақсат еткен көптеген игі жұ­мыстар атқа­ры­лып жатыр. Соның бірі – жыл сайын облыстық, респуб­ли­калық деңгейде ұйым­дас­тыры­лып жатқан «Үздік педагог» байқауы. Бұл байқау­дың мұға­лімдер үшін пайдасы зор. Жа­қын­­да ғана «Үздік педагог-2018» рес­публикалық ­бай­қа­уының қорытындысы шы­ғып, нәти­же­сінде жеңімпаз атандым. Мен үшін – үлкен мәртебе, зор жетістік. Бұл тек қана менің ме­рейімді үстем еткен жоқ, мен ж­ұ­мыс істейтін М.Құсайынов атындағы об­лыс­тық мектеп-­ин­­тер­­наттың, об­лыстың абыройы.

Елбасы Жолдауында На­зар­баев зияткерлік мек­тепте­рі­нің білім беру әдістемесі мем­лекеттік мектептер үшін бірың­ғай стандартқа айналуы тиіс екенін атап көрсетті. Осыған орай мектептердегі химия, био­логия, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері ағыл­шын тілі курстарын тәмам­дап, нәтижесінде қазір олар ха­лықаралық талаптарға сай бағ­дарламалар негізінде пәндерін үш тілде жүргізіп жатыр. Осы­лайша еліміздің мектептері ке­зең-кезеңмен Мемлекет басшы­­сы жүктеген жаңартылған білім маз­мұнына көшетін болады.

Бала – еліміздің ертеңі, біз­­дің болашағымыз. Оларға кәсіби бағдар беруіміз қажет. Жал­пы, орта мектептерге кәсі­би диаг­ностика жасап, тапшы мамандықтарды айтып, ба­лаларға бағыт көрсетуі­міз керек. Мектепте оқушы­лар­дың функ­ционалдық сауатты­лық­тарын қалыптастырып, алған білім­дерін өмірде қолдана білетін жаңашыл, сыни, жақсы ойлай алатын тұлға қалыптастыруымыз қажет. Бұл да Мемлекет басшысы жүктеген міндет.

Елбасы тапсырмасымен ­қол­ға алынған «Рухани жаң­ғы­­ру» бағдарламасы ұлттық құн­ды­лықтарды ұлықтауға негіз­делген. Олай болса, жаңар­тылған білім беру бағдарла­ма­сы­ның негізгі идеясы – осы ұлттық құндылықтарға бағытталған.

Гүлназ МЫҢЖАСАРОВА,

«Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы

АҚТӨБЕ