Қоғам • 12 Қазан, 2018

Дәрігерді демегені жауапкершілікті арттырады

168 реткөрсетілді

Тұңғыш Президентіміздің би­ылғы Қазақстан халқына арна­ған Жолдауын Қарағанды қала­сын­дағы №4 емхананың ұжымымен бірге мен де ден қойып тыңдадым. Әлбетте, маған Елбасының денсау­лық сақтау саласына қатысты айтқан сөздері айрықша әсер етті. Өз басым мұны медицина қызметкерлеріне көрсетілген қолдау, сонымен бірге артар жауапкершілігі мол қадам деп қабылдадым.

Президент Жолдауда «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бар­лық емханалар мен аурухана­лар медициналық құжаттарды қағаз­сыз, цифрлы нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деді.

Жалпы, Қарағанды облысында цифрландыру жұмыстары осыдан екі жыл бұрын қанатқақты нұсқа ретінде қолға алына бастағанын мақ­та­нышпен айтқым келеді. Цифрлан­дырудың бір жақсы жері, науқас алдыңызға келгенде, ол туралы де­рек­­тің барлығы да көз алдыңызда сай­­рап тұрады. Мұның өзі науқасқа көрсетілер қа­жетті ем-домды уақыт­ты созып алмай, дер кезінде сапалы түрде жасау­­ға септігін тигізеді. Мы­са­лы, бұ­рын бір науқасқа дәрігер жарты сағат уақытын жұмсаса, қазір ем-дом көр­­сетудің уақыты екі есеге қыс­қар­ды. Сонымен қатар науқас тура­лы деректер бір базаға енгізіліп, орта­лық­тан­дырылған. Мысалы, бізге қара­лып жүрген науқас басқа қалада іссапар­мен жүріп ем қабылдайтын болса, оның ­ег­жей-тегжейінен біз ор­та­лық­тандырыл­ған жүйе ­арқы­­лы ­сол заматта хабардар болып ­отырамыз. 

Менің өзім қазіргі уақытта Қарағанды қаласындағы №4 емханада офтальмолог, яғни көз дәрігері болып жұмыс істеймін. Балалар мен ересектерді қатар емдеймін, бұған рұқсат беретін арнайы сертификатым бар. Бүгінгі уақытта біздің емханада бюрократиялық кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты маңызды шаралар бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, дәрігерлердің бөлмесі дыбыс жазу, бейнетаспаға түсіру құралдарымен жабдықталған. Яғни, науқас пен дәрігер арасындағы әңгіме ашық форматта жүргізіледі. Сонымен қатар сайтымыз тұрақты жұмыс істейді, әлеуметтік желілерді де белсенді түрде қолданамыз. Бәрі де ашық түрде: кез келген науқас дәрігердің қызметіне көңілі толмаса, арыз-шағымын интернет желісі арқылы жоғары жаққа кедергісіз жеткізе алады. Жасыратыны жоқ, мұның өзі біздің жұмысымызға жауап­кершілікпен қарап, жинақы жү­руімізге, біліктілігімізді үнемі же­тіл­діріп, қызмет сапасын арттырып отыруымызға өте қатты ықпал етеді.

Негізі, Президент Жолдауын­­­дағы 2019 жылдың 1 қаңта­рынан бастап медицина қызмет­керлері­нің еңбекақысын көтеру жөнін­дегі мәлімдемені қуана қабылдаға­ны­мыз­ды жасырмаймыз. Дегенмен, біз үшін алдымызға көмек сұрап келген науқастардың, жалпы тұрғындардың денсаулығы ең бірінші кезекте ма­ңыз­ды екендігін баса айтқым келеді.

Айдос ОМАРОВ,

№4 қалалық емхананың офтальмолог дәрігері 

ҚАРАҒАНДЫ
 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Қазақстан • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар