Үкімет • 12 Қазан, 2018

Тоғыз айдағы нәтижелер талқыланды

79 реткөрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында экономика салаларын цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, отын-энергетикалық кешен, индус­трияландыру, көлік және логистика, технологиялық жаң­ғырту және инвестициялар тарту мәселелері бойынша 9 айдағы алдын ала есептер және 2018 жылдың соңына дейінгі жос­парлар талқыланды.

Бейнеконференция ре­жімін­де Ұлт­тық экономика ми­нистрі Т.Сүлейменов­тің, Инвес­ти­ция­лар және даму министрі Ж.Қасымбектің, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевтың және эн­ергетика вице-министрі Б.Ақ­­­шолақовтың баяндамалары қаралды.

Сонымен қатар кеңес бары­сында Премьер-Министрдің орын­басарлары Е.Досаев пен ­А.Жұ­мағалиев сөз сөйледі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар