Саясат • 12 Қазан, 2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Бас хатшысымен кездесті

181 реткөрсетілді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропа­дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті. ЕҚЫҰ жоғары өкілі қалыптасқан дәстүр бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысына қатысуда.

Т.Гремингер Астананың қа­зіргі жағдайда аса өзекті болып отырған жаһандық дінаралық және кон­фессияаралық үнқаты­суды нығайтудағы күш-жігерін құптады.

Бас хатшы «әсіресе көпжақ­тылық үлкен қысымға ұшыраған кезеңде» Ұйымға шынайы бейілділігі мен тұрақты түрде қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Қ.Әбдірахмановтың айтуын­ша, Қазақстан ЕҚЫҰ-ны қа­зіргі заманғы халықаралық қаты­настар жүйесіндегі маңызды және сұранысқа ие ұйымдардың бірі деп санайды. Ұйым кейбір елдерде қайшылықтарды еңсеріп, жанжалдар шешілуі үшін одан да көп нәрсе жасай алады. Осыған байланысты қазақстандық тарап бітімгершілік миссиясын жалғастыруға дайын. Астана саммитінің мұрасын ескере отырып, жаңа құқықтық база негізінде Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті нығайту жөнінде­гі келіссөздерді бастау – өте маңызды. Ол қауіпсіздіктің үш өлшемі, құрылымдық диалогті талқылау, терроризмге және трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, орнықты дамуға жәрдемдесу, адам құқықтарын қорғау мәселелері шұғыл түрде қаты­­сушы мемлекеттердің күш-жігерін шо­ғырландыруды талап ететінін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомство басшысы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін ЕҚЫҰ құрылымдарын Ұйым жауапкершілігінің бүкіл аймағында тең жағдайда орналастыру маңыздылығына тоқталды. Болашақта мұндай құрылымдардың бірі ретінде ЭКСПО инфрақұрылымының базасында экономикалық байланыс, тиімді басқару, жасыл экономика, апат және энергетикалық қауіпсіздік қатерін азайту сала­сын­дағы озық тәжірибемен алма­суға негізделген ЕҚЫҰ-ның Та­қырыптық орталығын құруға болар еді. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Экономикалық-эко­логия­лық комитетін басқа­рып келе жатқанына екі жыл болды және Президент Н.На­зар­баев­тың Қазақстан халқына жа­қында жасаған Жолда­уының тұр­ғы­сынан көлік инфра­құ­рылымын, транзиттік әлеуетті, туризмді дамыту бойынша жоба­ларға өз серіктестерін шақыруға ниетті.

«Егемен-ақпарат»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Иесіз зындан. Дидар АМАНТАЙ

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар